«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Еркежан» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли – сад «Еркежан» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»


Вкусноежка

Біз әлеуметтік желілерде

  

 

"Еркежан" б/б ұжымы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МДҰ-да антропометрия жүргізу алгоритмі

25.04.2023

Міне, балабақшамызда кезекті тәрбиелеу және оқыту жылы да өте шықты.  "Балалар  жылдам өседі"  дегенді жиі естиміз... шын мәнінде солай.

Адамның өмірінде ең маңызды нәрсе ол  бақытты бала, салауатты  балалық  шақ десек, баланың денсаулығы оның үйлесімді дамуымен байланысты. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі,теңгерімді тамақтану, жайлы психологиялық атмосфера балабақшадағы тәрбие үдерісінің басты компоненті болып табылады.

Баланың  өсуі және даму барысын  балабақшадағы тәрбие үдерісіне қатысушылардың  бәрі қадағалайды. Баланың  физиологиялық дамуының басты көрсеткіші оның бойы мен салмағы екенінде шүбә жоқ. Балабақшада бұл үдерісті медбике қадағалайды. Жылына екі рет (көктемде,күзде) балалар  антропометриясы өткізіледі.  Антропометрия – бұл дене тұлғасының пропорциялары мен қалыптасуын өлшеу әдісі. 

                       МДҰ-да антропометрия жүргізу алгоритмі

Балалар антропометриясы ең алғашқы кезекте бойдың  өсуінде, салмақ жинауда нормадан өрескел ауытқушылықтарды,аяқ- қолдарының пропорционал болмауы,артық салмақ жинау т.с.с. анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұндай жағдайда: педиатр, эндокринолог, генетик тәрізді мамандардың тыңғылықты тексеруі мен кеңесі қажет. Салмаққа ерекше назар аудару керек. Өте арық балалар тез суықтап қалатын, аурушаң келеді.Ал  аса семіз балаларда – жүрек және қан тамыр ауруларының ерте дамуы пайда болады.

1. Бойы

Түрегеп тұрған қалыпта өлшенеді. Бала бой өлшегіш алаңына тұрады да бойын тіктеп, өлшегіш  тақтайшаға арқасын сүйеп тұрады.  МДҰ медқызметкері баланың басына қозғалмалы горизонталь қалақшаны қатты баспай,  еппен  қояды. Кешке қарай шаршап, бұлшық еттері жұмсаруына қарай   бойлары да шамалы аласаруына байланысты,  балалардың бойын міндетті түрде күннің алғашқы жартысында өлшеу керек.

2. Салмақ

Балалар антропометриясын жүргізу алгоритмі небары 50 г. ауытқуы болатын еденге қойылатын таразыны пайдалануды көздейді. Дене салмағы бой тәрізді тұрақты болу керек, тәулік бойы бірнеше жүз граммға дейін өзеруі мүмкін. Салмақ  өлшеу бала денесінің нақты массасын анықтау үшін  міндетті түрде аш қарында өткізіледі.

Антропометрия өткізе отырып, құралдарда көрсетілген критерийлер  нормасы маңызды, дегенмен, қатып қалған қағида еместігін ескерген жөн.Дене параметрлері  әр балада  жеке болады және әр баланың   өңір, орта, климат,  МДҰ қызметкеріне белгілі генетикалық факторлары  есепке алынған өткір ауытқулар  диагностикалық маңызды. Сондықтан, қандай да бір елеусіз ауытқулар байқалып жатса,алаңдап,қорытынды жасауға және шара қолдануға асықпау керек. Бұл арада бақылаған дұрыс. Ал ауқымды ауытқулар-баланы мейлінше  жан-жақты тексеруге себеп болып табылады.

        Балалардың физикалық дамуы орташа  көрсеткіштерінің кестесі

 

Жасы

Дене

салмағы,  кг.

Бойы, см.

Ұлдар

Қыздар

Ұлдар

Қыздар

3 жас

13,7-18,9

13,1-16,7

92-99

91-99

4 жас

15,5-18,9

14,4-17,9

98-107

96-106

5 жас

17,4-22,1

16,5-20,4

105-116

104-114

6 жас

19,7-24,1

19,0-23,6

111-121

111-120

7 жас

21,6-27,9

21,5-27,5

118-129

118-129

 

 

Просмотров: 132


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2018 © sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст