Текст
«Балапан», «Қарлығаш», «Арай», «Аққулар» ересек және мектепалды топтарында музыкалық жетекшесі Д.Ж. Масан және хореограф А.А. Сейфильмаликованың жетекшілігімен Қазақстан халқының Бірлігі күніне мерекелік іс шара өтті. Тәрбиеленушілер Отан мен достық туралы әндер орындап, халық билерін билеп, ұлттық ойындар ойнады.