Текст
Жаз маусымның алғашқы күні, яғни 1 маусым-халықаралық балаларды қорғау күні. Балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты мереке! Осыған орай ересектер «Балапан» және мектепалды «Арай» тобының балаларына «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты ойын сауық өткізілді. Мерекенің шырайын келтірген сайқымазақ пен ертегі кейіпкерлері балаларға қызықты ойындар ойнатты. Сонымен қатар, балалар асфальтта «Әрқашан күн сөнбесін» атты тақырыбында сурет салды, соңында тәтті шырын үлестірілді.