№4 «Еркежан» балабақшасының тәрбиеленушілері әр түрлі: бақытты, әрі көңілді, шымыр, әрі епті, көңілді, әрі сүйкімді. Олардың бәрі ақылды, әдемі, шыншыл, мейірімді, бауырмал! «Еркежан» достарын қарсы алады!» облыстық семинарына келген қонақтарды қарсы ала отырып, тәрбиеленушілер өздерінің сүйкімділігімен, шынайылығымен және аңғалдығымен барлық жиналған жұртты баурап алды.
Балабақша мен мектеп педагогтарының өзара сабақтастықты жүзеге асырудағы қызметтестіктері, бір-біріне көмекке келуге ұмтылысы болашақ мектеп оқушысының табысты бейімделуіне кепіл болып табылады.
№4 «Еркежан»балабақшасының түлектері облыстық семинарға қатысушылар қатарынан табылды. Олар жаңартылған білім беру мазмұнын іске асырудың алғашқы қарлығаштары.Олардыңжеңістері мен жетістіктеріпедагогикалықұжымныңмерейі, үміті, мақтанышы.