Кашкимбаева Бакыт Болатбекқызы Ақмола облысы Атбасар ауданы Сергеевка ауылында 1968 жылы 31 шілдеде дүниеге келген. 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы университетін бітіріп, қазіргі уақытта «Еркежан» бөбекжайында жұмыс атқаруда. Бакыт Болатбекқызы - өмірдегі ұстанымы мықты, қай істі болмасын, соңына дейін аяқтап, нәтижесін, жемісін көре білетін, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті ұстаз, іскер маман, қабілет-қарымы жоғары педагог. Ол – теориялық біліммен мықты қаруланған, теорияны тәжірибемен ұштастыра білетін ізденімпаз оқытушы. Бакыт Болатбекқызы, елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбек сүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнайды. Бакыт Болатбекқызы балаларды алаңқайдағы және жылыжайдағы өсімдіктерді күтіп баптауды үйрете отырып, ата – аналармен бірге балаларға қазақ халқының салт – дәстүрі мен әдет – ғұрыптарын көрсетті.
Шығармашылық жұмыс пен кәсіби біліктілігінің нәтижесінде бірнеше мәрте аудандық білім бөлімінің және Ақмола облысы білім басқармасының мадақтаулары мен алғыс хаттарына ие болды. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған тәрбиеші ғана емес, ол үш баланың анасы, аяулы жар. Бакыт Болатбекқызы заман талабына сай, білікті педагог екенініе сеніміміз мол. Осы кәсіби мерекеде, қиын бірақ өте маңызды жұмысыңызда шыдамдылық пен даналық тілейміз!