Текст
Балаларға арналған ұлттық ойындар – баланы қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен, әдет-ғұрыптарымен таныстырады. Олар сонымен қатар ептілікті, зейінділікті және т.б. дамытуға мүмкіндік береді. Мектепалды «Қарлығаш» даярлық тобының бүлдіршіндерімен «Көтермек», «Қамшы» ойындары ойналды.Бұл ойындар балалардың көңіл-күйін көтеріп, төзімділігін, ептілігін, күш-қуатын дамытады, топпен жұмыс жасай білуге баулиды. Ал ең бастысы денсаулыққа өте пайдалы.