Текст
«Аққулар» тобында өткен музыкалық сабақтың тақырыбы «Қазақстан халықтарының сал-дәстүрлері» деп аталды. Мақсаты – Отанды сүюге, Қазақстан жерінде тұрып жатқан халықтардың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болды. Балалармен Қазақстан бойынша шағын виртуал саяхат өткізілдіу. «Аққулар» тобының балалары бейбітшіл, көп ұлтты мемлекетте тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз деген ортақ ойға келді. «Дәстүрлер» сөзінің мәнін ұғынды, отбасылық дәстүрлері жайлы әңгімеледі. Орыс халқының дәстүрлерімен танысты. «Во поле береза стояла» халық әнінен үзінді тыңдады, музыкалық сараптама жасады және оны жаттады. «Жар – жар» дәстүрлі әнін тыңдап, оның үйлену тойында айтылатынын естеріне түсірді, шулы аспаптармен сүймелдеп отырды.