30 қазан күні «Оқу үрдісіне инновациялық ойындарды енгізу» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Мектепке дейінгі жастағы баланың жетекші әрекеті ойын екені бәрімізге белгілі. Ойын барысында бала тұлға ретінде дамиды, ол психикаларын жан– жақтарын қалыптастырады, оның әлеуметтік тәжірибесінің табыстылығы кейіннен осыған байланысты болады. Ойын арқылы жаңа жетекші іс-әрекет – оқу негізі қалыптастырылады. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі баланың ойын әрекетін белсендіру, кеңейту және байыту үшін мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі кеңістікті оңтайландыру және ұйымдастыру педагогикалық тәжірибенің ең маңызды міндеті болып табылады.Кеңесте педагогтар ойын технологиялары дегеніміз не және оларды оқу процесінде қалай қолдану керектігі туралы мәселелерді ашып көрсетті.