"№4 "Еркежан" балабақшасы " МКҚК өз қызметін Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес жүзеге асырады.
"№4 "Еркежан" балабақшасы " МКҚК меңгерушісінің бұйрығымен Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар бекітілді: А.Д.Серикпаева - әдіскер, М.С. Баровикова-хатшы.
№4 "Еркежан" балабақшасы мемлекеттік қызметтің екі түрі көрсетіледі. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
2019 жылы "№4 "Еркежан" балабақшасы " МКҚК Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау бойынша барлығы 84 қызмет көрсетілді.
Білім беру ұйымдарында қажетті құжаттар пакеті көрсетілген қызмет көрсету уақыты, орны туралы барлық қажетті ақпарат орналастырылған стендтер орналастырылған.
2019 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.