Текст
Балалық шақ-бұл ең керемет кезең. №4 "Еркежан" балабақшасының қызметкерлері балаларға күлкі, көңілді би және қуаныш сыйлады. 1 маусымда "Балаларды қорғау күні " мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. "Бөбектер" тобының тәрбиеленушілері "Көңілді старт" атты жарысқа қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер самокатта сырғанап, доппен ойындар ойнады және эстафеталар жарыстарына қатысты. Балалар өте риза болды, ал іс-шара соңында балаларға дәмді дәруменді сыйлық күтті.