Текст
Ойын бала үшін – нағыз өмір. Балалар ойында адамдардың белгілі қылықтарын, жеке ерекшеліктері мен өзара қарым-қатынастарын бейнелейді.
Сонымен, ойын балаларды жан-жақты тәрбиелеу және дамыту құралы болып табылады.
Бүгін ересектер «Ботақан»тобының балаларының арасында «Шаштараз» және «Аурухана» атты сюжетті рөлді ойындар өткізілді.
Ойын кезінде балалардың оптимистік, өмір сүйгіш қасиеттері айқын көрінді, және де ең қиын істердің өзі абыроймен, сәтті аяқталды.