Текст
10 қарашада "Бөбектер" орта тобында «Балабақшаға бейімделу» тақырыбында онлайн режимінде бірінші ата-аналар жиналысы өтті. Тәрбиешілер Н.Ю. Яловая мен К.Е.Нұрғалиева ата-аналарды күн тәртібімен таныстырып, бейімделу деген не, оның ерекшеліктері,баланың бейімделу кезеңінен өту оңай екендігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, слайд көрсету арқылы тәрбиеленушілеріміздің бейімделуі қалай өткенін көрсетті. Балабақша медбикесі С.Шатрова режимдік сәттер, балабақшадағы тамақтану, балаларымыздың денсаулығын сақтау мақсатында алдын алу шаралары туралы айтты, Ата-аналарға балабақша меңгерушісі Ж.Е.Толгамбаева құттықтау сөз сөйледі.