Текст
26 қыркүйекте "Аққулар" мектепалды тобында "Оқу жылының басталуы – тәрбиеленушілердің өміріндегі жаңа кезең" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысының мақсаты: педагогтер мен ата-аналар арасындағы байланысты кеңейту, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру. Жиналыс басында Айтенова Әлия Нарваевна ата-аналармен шағын ойын-сәлемдесу өткізді "Қош келдіңіз!». Әрі қарай тәрбиеші Халиулина Лилия Маратовна оқу жылына күтілетін нәтижелер мен қойылған мақсаттар туралы презентация ұсынды. Жиын соңында ата-аналарға "Баланы мектепке дайындау" буклеттері ұсынылды.